Роналдуның соңғы мүмкіндігі сәтсіз аяқталды

10
2026-07-07

Футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финал ойындары көпшілік күтпеген нәтижелерге толы болды. Әлемнің бес дүркін жеңімпазы Бразилия командасы бұл кезеңде Норвегиядан  жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ ала доптың аламаны Португалия жанкүйерлері үшін де көңілсіз аяқталды. Ұлттық құрама Испаниядан 1:0 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатымен қош айтысты. Ал, Бразилиямен ойында  дубль авторы атанған Эрлинг Холанд  сұрмергендер сапына қосылды. Бұл көрсеткіш бойынша ол франциялық  Килиан Мбаппе және аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен теңесті.