Астана күні мерекесінле ел бойынша 450-ге жуық сәби дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз. Ел тарихындағы айтулы күнеде дүние есігін ашқан нәрестелердің басым бөлігі Түркістан облысында. Мұнда өмірге келген 67 баланың 32-і ұл, 35-і қыз бала. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласының перзентханаларында 44 сәби дүние есігін ашыпты. Ал, Шымкент және Алматы облысында 40 ана шараналарын бауырына басқан.