Таразда пескоблок өндіретін цех өртке оранды. Тілсіз жау 350 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап, өрттің ары қара йтаралуына жол бермеді. Ол үшін 10 техника мен 36 жеке құрам жұмылдырылған. Абырой болғанда, өрттен зардап шеккендер жоқ.