Түркістан
EN

Ордабасы ауданында «Найман» каналы пайдалануға берілді

26
07.07.2026

Түркістан облысының Ордабасы ауданында ұзындығы 26 шақырымнан асатын «Найман» каналы жөндеуден өтті. Жоба аясында канал толық бетонмен қапталып, су ағынын тиімді реттеуге арналған 75 гидротехникалық нысан салынды. Бұған дейін канал аудан аумағындағы екі мың гектарға жуық суармалы алқапты, сондай-ақ аудан орталығы мен Қажымұқан ауылындағы үй іргелік жер телімдерін сумен қамтамасыз етіп келген. Реконструкция нәтижесінде судың мақсатын ысырабы азайып, суармалы жерлерді сумен қамту тиімділігі артатын болады. Мамандардың айтуынша, мұндай инфрақұрылымдық жобалар су ресурстарын тиімді басқаруға және су тапшылығының алдын алуға бағытталған.