Түркістан
EN

Кентауда дүлей дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

174
26.04.2022

Қатты дауыл Кентаудағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын жұлып кетті. Тіпті қалада электр бағаналары істен шығып, тұрғындар жарықсыз қалды. Одан қала берді дүлей дауыл салдарынан 200-ден аса ағаш құлап, көліктерді басып қалған. Табиғаттың тосын мінезінен шатыры құлағаннан бөлек, сынып бөлмелерінің әйнектері сынған. Сондықтан балалар бір ауысымда ғана оқуға мәжбүр. Салынғанына 40 жылға жуықтаған білім ошағы бұған дейін бір рет қана жөндеу көрген. Ескі мектебіміздің сау тамтығы қалмады деген жауаптылар білім бөлімінен көмек сұрайды. Нөсер салдарынан 1 мектеп, 1 балабақшадан өзге, 2 көпқабатты үйдің шатыры қираған. Сондай ақ, 200-ден аса ағаш құлап, көліктерді басып қалған. Бүгінде оқыс оқиғаға байланысты 109 жедел желі қызметі қосылды. Онда жауаптылардан жауап ала алмағандар фото, видеоларын арнайы мекемеге жолдай алады. Жалпы нөсер жауыннан Кентау қаласына келтірілген шығын көп. Мәселен, 5 электр бағаны зақымданған. Салдарынан тұрғындардың 10 пайызы жарықыз қалды. Сондай ақ, қалалық полиция бөлімінің ғимаратына да зақым келген. Қазіргі таңда қаланы тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.