Жол апатынан қаза болғандар 20 пайызға азайды

4
2026-07-03

Елімізде жол апатынан көз жұму дерегі 20 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Қайғылы оқиғаның азаюына патрульдік бақылаудың күшейгені де әсер етіп отыр. Көшедегі заң бұзушылықтар 18 пайызға, масаң күйде жасалған заң бұзушылықтар 6 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері сегіз миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу.  Масаң күйде жүріп, қоғам тыныштығын бұзған  118 мыңға жуық дерек тіркелген. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты 83 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған..