Қазақ пен домбыра - егіз ұғым. Қос ішектен төгілген әр күйде қуаныш та, қасірет те, бүтін бір халықтың тағдыры жатыр. Бүгінде сол қоңыр үн үлкен сахнадан ғана емес, TikTok пен Instagram-нан да естіліп жүр. Бірі көне жәдігерге жан бітірсе, енді бірі әлеуметтік желі арқылы күйді әлемге танытып жүр. Ұлттық домбыра күнінде тілшіміз қасиетті қара домбыраның киесін сезініп, көне өнерді заманауи дәуірмен үндестіріп жүрген жандармен тілдесіп қайтты.