Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 125 заңбұзушылық анықталды

4
2026-07-03

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы күрес күшейтілуде. Жыл басынан бері 125 заң бұзушылық анықталды. Рейдтік іс-шаралар барысында 115 жүк көлігі мен 10 арнайы техника айып тұрағына қойылды. Анықталған 100 дерек бойынша мемлекетке 10 миллион теңгеден астам залал келтірілгені есептеліп, материалдар тиісті органдарға жолданды. Соның нәтижесінде 73 әкімшілік іс қозғалып, 5,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары алдағы уақытта заңсыз жер қойнауын пайдаланудың жолын кесу бағытындағы рейдтік шаралар одан әрі күшейтілетінін айтты.