Түркістанда жаңа Конституция мен 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Басқосуда жаңа Конституцияның негізгі қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Кездесу қорытындысында қоғамдық келісімді күшейту, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтармен тұрақты кері байланысты дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатыны айтылды.