Түркістан
EN

Өңірдегі жайылым жер мәселесі қашан шешіледі?

187
26.04.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылының тұрғындары халыққа шартты жер үлесін бөліп беруді сұрайды. Олардың айтуынша, “Алтынтөбе элиталы тұқым шаруашылығы” совхозы құрылғанда жер мемлекет қажеттігіне алынған екен. Қазір енді ауыл іргесіндегі телімдер  ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Сүйтіп жайылымсыз қалған жұрт енді осы жерлерді шартты түрде бөліп беруді сұрайды. Дәл осындай мәселе Төлебиліктердің де бас ауруына айналған. 5,5 мың тұрғыны бар Қасқасу ауылында мал жаятын жер тапшы. Төңіректегі 1,5 мың  гектар шұрайлы аумақ «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің теңгеріміне беріліп кеткен көрінеді. Қасқасулықтар ұлттық парк құрамындағы жерді ортақ пайдалануға қайтару үшін депутаттан көмек  сұрады.