Жыл басынан бері қылмыстық істерді тергеу барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін мемлекеттік органдарға 45 мыңға жуық ұсыныс жолданды. Соның нәтижесінде ел бойынша екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылып, қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тергеушілердің ұсыныстары негізінде екі мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік, ал 500-ден астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, қылмыстық істерден келтірілген 72 миллиард теңгеден астам шығынның 34 миллиард теңгесі жәбірленушілерге қайтарылды.