Түркістан
EN

Дәріханаларда тегін берілуге тиіс дәрі сатылып келген

21
03.07.2026

 Халыққа тегін берілуі тиіс 25 мыңнан астам дәрі дәріханаларда ақшаға сатылып келген. Бұл соңғы екі жылда анықталған сұмдық жайт. Негізі бұл дәрілерді мемлекет ауруханаларға науқастарға тегін тарату үшін бөледі. Бірақ қулыққа көшкен делдалдар оны қайтадан дәріханаға апарып, сатып отырған. Бұрын бұл былықты анықтау өте қиын еді. Ал қазір дәрілердің бәріне арнайы код жапсырылған. Ол «цифрлық таңба» деп аталады. Егер дәрі тегін берілуі керек болса, ол дәріхана кассасынан өткен бойда жүйе бірден "ұрлық" деп белгі береді. Яғни, дәріханашылардың айласы енді іске аспайды. Министрлік осы жүйе арқылы 1 миллиардқа жуық дәріні бақылауға алды. Енді кез келген дәрінің қайда кеткенін онлайн режимде көріп отырады, жүйе бәрін автоматты түрде анықтайды.