Түркістан
EN

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

23
03.07.2026

 Қауіпсіздікке салғырт қараудың құны қымбат. Биылғы бес айда Ішкі істер органдары еліміз бойынша терроризм тұрғысынан осал саналатын 2 мың 600-ден астам нысанды жіті тексерген. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді. Жүздеген мекемеде лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Тексеру барысында ең көп анықталған кемшіліктердің қатарында бейнебақылау жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі, күзет қызметінің талапқа сай ұйымдастырылмауы және шұғыл дабыл батырмаларының жарамсыз күйде болуы бар. Осындай олқылықтарға жол берген 263 мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 118 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.