Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтық фактілерінің санын 7%-ға төмендетті. Қылмыстың бұл түрін ашу жұмыстары да жақсара түскен. Биыл осындай айлакерлердің құрбанына айналған жәбірленушілердің 5 миллиард теңгеге жуық қаражаты қайтарылыпты. Ұлттық банкпен бірлесіп, тағы 2,6 миллиард теңгені заңсыз алуға жол берілмеді. Сондай-ақ, 150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған. Бүгінде дәл осындай кибералаяқтық ең көп тараған қылмыс түріне жатады. Сондықтан бұл мәселеге қатысты күрес жұмыстары белсенді түрде жалғасады,-дейді жауаптылар.