Шымкентте кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалаған блогер ұсталды. Күдікке ілінген азаматтың әлеуметтік желіде 150 мыңға жуық оқырманы бар. Ол үш сыбайласымен бірге заң бұзушылықтарды сылтау етіп, алдын ала түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткені белгілі болды. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.