Түркістан
EN

Қазақстан мен Азия даму банкі су саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

8
03.07.2026

Қазақстан су инфрақұрылымын дамытуға халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты күшейтуде. Су ресурстары және ирригация министрлігі Азия даму банкімен бірлесіп, Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Жобаның сыйымдылығы 873 миллион текше метрді құрайды. Нысан Солтүстік Қазақстандағы су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кешенді жоспар аясында еліміздің сегіз өңірінде су қоймаларын салу және жаңғырту бойынша 42 жоба іске асырылмақ.