Астанада отандық өндірушілердің қатысуымен «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиында бизнес пен мемлекеттік орган өкілдері отандық өндірісті дамытуға қажет жүйелі өзгерістерді талқылады. Күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру. Іскерлік кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл жүйе отандық өндірісті дамыту ісін ынталандыруы тиіс. Жиын барысында айтылған барлық ұсыныс іс жүзінде жалғасын табуы керек. Айбек Дәдебайдың айтуынша, әрбір өнеркәсіптік жобаның артында кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар және олардың отбасылары тұр. Сондықтан отандық өндірісті дамыту қадамы еліміздің әрбір өңірінде нақты нәтиже беруі қажет.