Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде аталған акция аясында 1 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 4 млн-нан астам адамның қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілген. Республика көлемінде 76 мың гектардан астам аумақ тазартылған. 413 мың тонна қалдық жиналып, оның 115 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілген.