Түркістанда жантүршігерлік жол апаты болып, патрульдік полиция батальонының аға инспекторы мерт болды. Облысы полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлер апатқа жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жеңіл автокөлік жүргізушісін тоқтату кезінде ұшыраған. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан екі полиция көлігі зақымданғанын байқауға болады. Қайғылы оқиғаның салдарынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қайтыс болған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.