Жаңа Конституцияда ұлттық тарих пен мәдени мұраны сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Осы қағидатты дәріптеу мақсатында Отырар қалашығында танымдық акция ұйымдастырылды. Тарихи маршрутқа «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері мен Түркістан қаласының мектеп оқушылары қатысып, қасиетті мекеннің өткенімен танысты. Іс-шара соңында «Отырар» музей-қорығының директоры мен қозғалыс жетекшісі көне қалашықты Қазақстанның баға жетпес мәдени мұрасы ретінде сақтап, қорғауға бағытталған ортақ үндеуге қол қойды.