Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдеби челленджі жалғасуда. Жыл басынан бері жоба қатысушылары төрт мыңнан астам кітап оқыған. Ең белсенді оқырмандардың қатарында мерзімді қызмет әскери қызметкерлері бар. Олар екі мыңнан астам шығарманы оқып шыққан. Челленджге қатысушылардың бірі елордалық әскери бөлімнің сарбазы Жасұлан Нұржанұлы. Ол мерзімді қызметке Шымкент қаласынан шақыртылған. Бүгінде Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романын оқып жүр. Сондай ақ, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін тәмамдаған. Даңқты қолбасшының балалық шағын баяндайтын шығарманы Отан қорғаушы әрбір азамат оқуы керек деген пікірде.