Түркістан
EN

Жыл басынан бері 7 тоннадан астам есірткі тәркіленген

34
02.07.2026

Есірткі саудасы бүгінде телефон мен интернетте қызып тұр. Заңсыз жарнамалар мессенджерлер мен сайттар арқылы таралып, төлемдер криптовалюта мен банк карталары арқылы жасалған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі цифрлық кеңістіктегі бақылауды күшейткен. Жыл басынан бері «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі жарнамасы мен заңсыз контент жариялаған 6 мың сайт бұғатталды. Ал «Антифрод» орталығы арқылы күмәнді 9 мың банк картасына шектеу қойылып, 135 миллион теңге бұғатталған. Сонымен қатар биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 15 жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Құқық қорғау органдары алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен.