Түркістан
EN

Әскер қатары жас сарбаздармен толықты

14
02.07.2026

Қазақстан әскері жаңа сарбаздармен толықты. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 21 мыңнан астам жас әскери құрылымдардың қатарына қосылды. Олардың басым бөлігі, яғни 11 мыңнан астамы Қарулы Күштердің қатарына қабылданса, 7 мыңнан астам сарбаз Ұлттық ұлан бөлімдеріне жол тартты. Қазір әскерге шақыру жүйесі де заман талабына сай толықтай цифрландырылған. Сарбаздарға арнайы шақырту қағаздары ұялы телефондарына СМС-хабарлама арқылы немесе «eGov» порталындағы жеке кабинеттеріне жедел жолданады. Бұдан бөлек, бүгінде әскери өмір жастардың болашақ кәсіп меңгеруіне де зор мүмкіндік ашып отыр. Сарбаздар отан алдындағы міндетін өтей жүріп, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды тегін оқып, игере алады. Ал әлеуметтік қолдау бағытына келер болсақ, банк немесе өзге де қаржы ұйымдарында берешегі бар сарбаздар үшін арнайы несиелік демалыстар қарастырылған.