Елімізде 4 шілдеден бастап әскерге шақыруды ұйымдастырудың жаңа цифрлық тәртібі күшіне енеді. Бұдан былай азаматтардың деректері мен шақыру комиссияларының шешімдері бірыңғай цифрлық жүйе арқылы рәсімделіп, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін жүргізуге, деректерді сақтауға және басқа мемлекеттік цифрлық жүйелермен байланыс орнатуға арналған. Сондай-ақ, әскерге шақырылатын азаматтардың қайда, қай қызметке баратыны да автоматты түрде тағайындалмақ.