Түркістан
EN

Бүгін әскери әуе күштерінің кәсіби мерекесі

13
02.07.2026

Бүгін Қазақстанда Әскери-әуе күштері күні. Кәсіби мереке 1998 жылдың 2 шілдесінде Әуе қорғанысы күштері құрамында Әскери-әуе күштері құрылған күнге орай белгіленген. Бүгінде әскери авиация Су-30 және Су-27 жойғыш ұшақтарымен, Ми-171 және Ми-35 тікұшақтарымен, әскери-көліктік авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған. Әскери ұшқыштар мен авиация мамандары жауынгерлік кезекшіліктен бөлек, халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып, гуманитарлық жүктерді тасымалдау және бітімгерлік миссияларды қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді де абыроймен атқарып келеді.