Түркістан
EN

Түрген Ассы жолын су шайып, 58 адам эвакуацияланды

6
02.07.2026

Алматы облысындағы Түрген шатқалында толассыз жауған жауын соңы тасқынға ұласты. Өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп, Түрген–Ассы автожолының бірнеше бөлігін су шайып кеткен. Тасқын су демалыс аймағындағы 17 киіз үйге дейін жетіп, «Водник» бау-бақша серіктестігінің аулаларын да жайлаған. Қауіптің алдын алу үшін құтқарушылар аймақтан 58 адамды эвакуациялады. Олардың ішінде 21 бала мен 8 шетелдік бар. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір шатқалда құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар сел қаупі толық сейілмегенін айтып, өзен арнасын тәулік бойы бақылауға алған.