Түркістан
EN

Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен мұнай газ саласының жаңа жобаларын талқылады

2
02.07.2026

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті. Тараптар 2026–2031 жылдарға арналған әріптестік стратегиясын, экономиканы әртараптандыру және жеке сектордың рөлін күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көпжылдық ынтымақ­тастықтың маңыздылығы да атап өтілді. Оның шеңберінде, мәселен, елімізде көлік, білім беру, цифрландыру, экология және «жасыл» технологияларды дамыту салаларында жалпы сомасы 8 млрд доллардан асатын 50-ден астам жоба жүзеге асырылды. Антонелла Бассани Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы еліміздің артып келе жатқан рөлін, сондай-ақ цифрлық трансформация мен Жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін атап өтіп, республикада жүзеге асырылып жатқан реформалар басқа мемлекеттерге оң үлгі болатынын айтты.