«Көңіл күнделігі» кітабының тұсаукесері өтті

6
2026-07-01

Шымкентте жазушы, журналист Ерлан Қуандықтың «Көңіл күнделігі» атты кітабының тұсауы кесілді. Жинаққа әңгімелер мен новеллалар, естеліктер енген. Туынды «Мен журналистпін», «Мен тергеушімін», «Жүрек үні. Ел лебізі» деген үш бөлімнен тұрады. Тек журналистика емес, құқық қорғау саласында да еңбек еткен автор кітапта құзырлы органдарда көрген-түйгендерін де қамтыған. Ал, әріптестері болса Ерлан Қуандық осы туындысы арқылы журналист түрлі саланы меңгерген маман екенін дәлелдеп отыр дейді.