Бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

4
2026-07-01

Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша лауазымды тұлғалар ұсталды. Заңбұзушылық Сарыағаш ауданы прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде анықталған. Құзырлы органның мәліметінше, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында бюджет қаражатының заңсыз жұмсалу фактілері тіркелген. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу аясында іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін бюджеттен қаржы аударылғаны белгілі болды. Тергеу болжамы бойынша, мекеменің жауапты тұлғалары бірқатар жеке кәсіпкерлермен келісіп, нақты орындалмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтерге қабылдау актілерін рәсімдеген. Соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз аударылған.