Түркістанда «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты шара өтті. Аталған жиынды «Әділет» партиясының жастары ұйымдастырды. Шара барысында тұрғындар мен қала қонақтарына Ата Заңның негізгі қағидаттары түсіндіріліп, конституциялық реформалардың маңызы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жастар фотобокс арқылы естелік суретке түсіп, арнайы тақтайшаға өз армандары мен болашаққа деген тілектерін жазды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін насихаттау және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру. Айта кетейік, мұндай акция еліміздің 20 өңірінде жастар көшбасшыларының бастамасымен, қатар ұйымдастырылып жатыр.