Түркістан
EN

Шымкентте тұрғындар спорт мектебінің көшірілуіне қарсы шықты

231
25.04.2022

Шымкенттік тұрғындар ұлттық ойын түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көшірілуіне қарсы. Ата-аналар мен жаттықтырушылардың айтуынша, жаңадан салынып жатқан иппадром шаһар орталығынан тым ұзақ және қоғамдық көлік жүрмейді екен. Ал қазір спорт мектебінде жаттығу жұмыстары тоқтап тұр. Өйткені оқу ордасыннан жақын жерде құрылыс жұмыстары басталған. Ұлттық ат спорт түрлері, конкур, сыңды жаттығуларды өткізу мұңға айналап барады. Құрылыстың азан-қазанымен берекесі кеткен соң үйірмелердегі балалар да азайып, аттарды иелері әкетіп жатыр. Өйткені мұнда кіріп-шығудың өзі мұңға айналған. Өткен ғасырдың 80 жылдары салынған иппадром құрылыс компаниясына сатылып кеткен.  Қазір онда көп қабатты тұрғын үйлер салынуда. Құрылыс компаниясы спорт мектебінің аттар үшін жайылатын жері мен жемшөп сақтайтын қоймасын бұзып, жерін қажеттілігіне пайдаланып отыр. Компанияның салып беретін жаңа иппадромы биыл наурыз айында тапсырылуы керек еді. Алайда ол қаланың екінші бір шетінде салынып жатыр екен. Ол жер шахар орталығынан тым ұзақ және қоғамдық көлік жүрмейтініне байланысты ата-аналар мен жаттықтырушылар ел Президентінен мектепті көшірмеуге араша сұрап отыр.