Түркістан
EN

Президент Құрылтай депутаттарының сайлау күнін белгіледі

28
01.07.2026

Құрылтай сайлауының күні белгілі болды. Науқан 23 тамыз күні өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жарлыққа қол қойды. Президент Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырды. Үкіметке, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыруды бұйырды. Сайлау кезінде материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шара ойдағыдай өтуі тапсырылды.