Ұлттық ұланның Орталық музейі ерекше құнды жәдігермен толықты. Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин музей қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты. Бұл жаңалық әсіресе әскери қызметші Марлен Сұрамаевты ерекше қуантты. Себебі, ол бала кезінен атақты боксшының жекпе-жегін жіті бақылап келеді. Өзі де дәл осы спорт түрімен ұзақ жылдар айналысқан. Қазіргі таңда, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Оның айтуынша, дәл Геннадий Головкиннің өмір жолы оған үлкен жеңістердің күнделікті еңбек пен темірдей тәртіптің арқасында келетінін ұғындырған.