Академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс Түркістандағы Олимпиадалық стандартқа сай ескек есу каналында өтіп жатыр. Ел біріншілігіне Астана қаласы мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарынан спортшылар жиналды. Төрт күнге созылатын дода Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманы жасақтаудағы маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.