Түркістан
EN

«Халық бухгалтері» акциясы мәресіне жетті

28
01.07.2026

Жыл басында бастау алған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы өз мәресіне жетті. Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған жоба биылғы 5 қаңтар мен 30 маусым аралығында өткізілді. Осы уақыт ішінде Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 56 іс-шара ұйымдастырып, 5 мыңға жуық салық төлеушіге тегін консултациялық көмек көрсетті. Акция барысында тұрғындарға салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндіріліп, бухгалтерлік есеп жүргізу және салық есептілігін тапсыру тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара байланыс нығайып, азаматтардың салықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді.