Түркістан
EN

Ұрлық пен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейтіледі

32
01.07.2026

Түркістан облысында ұрлық пен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейтіледі. Бұл мәселе облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында көтерілді. Жиында соңғы уақыттағы мүліктік қылмыстардың ахуалы сараланып, әсіресе пәтер, автокөлік, мал ұрлығының алдын алу шаралары талқыланды. Өңір басшысы ұрлық жиі тіркелетін аудан-қалаларда рейдтік жұмыстарды күшейтіп, құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдіктердің өзара үйлесімді жұмысын арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, заңсыз ойын бизнесі, онлайн-казино және қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы күрес мәселесі де қаралды. Жауапты органдарға қаржылық алаяқтық пен лудоманияның алдын алу жұмыстарын күшейтіп, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.