«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында тау-кен металлургия саласының өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бизнес өкілдері өндірісті жаңғырту, шикізатты терең өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу және кадр даярлау бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бұл бастамалардың барлығы жүйеленіп, тау-кен металлургия кешенін дамытуға арналған арнайы ұсыныстар топтамасына енгізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, партия халық пен бизнес өкілдерінің пікірін тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелердің нақты шешім табуына да күш салмақ. Сондай-ақ Іскерлік кеңес алдағы уақытта мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог алаңы ретінде жұмысын жалғастырады. Ал жиын барысында айтылған ұсыныстар партияның алдағы бастамалары мен бағдарламалық жұмыстарының негізіне айналмақ.