Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын арнайы оқытып шығаратын жаңа оқу орны ашылады. Ол «Alatau City» аумағына салынады. Жастар мен ересектерге арналған технологиялық курстардың бәрі бірігіп, үлкен ғылыми орталыққа айналмақ. Енді азаматтардың жеке деректерін қорғау және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері де арнайы заңдармен, тіпті Конституциялық деңгейде қорғалады. Атап айтсақ, киберқауіпсіздік пен цифрлық активтер туралы жаңа заңдар қабылданды. Сонымен қатар, интернет сапасы түбегейлі жақсарады. 2028 жылға қарай ауылдардың 92%-ы жоғары жылдамдықты желіге қосылмақ. Республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жол да үздіксіз интернетпен қамтылады.