Көгілдір отынның рахатын көрмеген тұрғындар Энергетика министрінен көмек сұрады. Түркістанға арнайы келген Болат Ақшолақов сапарын тұрғындармен кездесумен бастады. Ал, халық бірдестен көкейдегі сауалдарын қаршадай жаудырды. Сондай-ақ, Болат Ақшолақов өңірдің энергетикалық әлеуетімен танысты. Кентаудың жылу электр орталығын да аралап, жағасын ұстады. Тозығы жеткен қазандықтарды «тез арада ауыстыру керек» деп жауаптыларға тапсырма берді. Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының кей нысандарында газ қосылмағанынан министр хабардар екен. Бұл құбыр тартқан компанияның салғырттығы дейді. Олқылықтың алдын алу үшін тиісті жұмыстар жасалуда деп сендірді. Министр ат басын Кентауға да бұрды. Жылу электр орталығын аралап, қаланы жылытып отырған 6 қазандықты күрделі жөндеуден өткізу керек дейді. Тозығы жеткен техника жанармайдың соры екен. Өкінішітісі, жаңырғыртуға келгенде қаржыландыру қарастырылмаған екен. Жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау үшін 3 млрд теңгеден аса қаражат керек. Мұны ескерген министр үкіметтен ақша бөлу тетіктерін қарастыратынын жеткізді.