Қош бол, Парламент!

3
2026-06-30

Қош бол, Парламент! Бүгін елордада Сенат пен Мәжіліс депутаттарының қатысуымен соңғы тарихи бірлескен отырыс өтті. Алқалы жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты. Президент өз сөзінде өткен отыз жылдық белестің нәтижелерін саралап, мемлекеттік басқару ісіндегі мүлдем жаңа модельдің мән-мазмұнына тоқталды. Сондай-ақ соңғы шақырылымның депутаттарын ел тарихындағы ең кәсіби, ең мықты құрамдардың бірі деп атады. Өйткені бұл құрам еліміз үшін аса маңызды өтпелі кезеңде, яғни саяси трансформация кезінде қызмет етті. Халық қалаулылары кейінгі үш жылдың өзінде ғана 300-ден астам заң қабылдап үлгерген. Сонымен, енді 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент – Құрылтай іске кіріседі. Өткен референдумда қабылданған жаңа Ата Заң шілдеден бастап күшіне енбек. Бұған дейінгі Конституция да сол күні қолданысын тоқтатады. Тамыз айында Құрылтай сайлауы өтіп, жаңа халық қалаулыларының келісімімен вице-Президент тағайындалады.