Балалар жарақаты жиілеген

3
2026-06-30

Жазғы демалыс балалар үшін қуанышқа толы мезгіл болғанымен, дәл осы уақытта түрлі жарақаттар да жиілейді. Түркістан қаласында соңғы алты айда травматология  бөлімшесіне 450-ге жуық жеткіншек жүгінген. Мамандар маусым айының өзінде 100-ге жуық науқас стационарлық ем қабылдағанын айтады. Арнамыздың тілшісі қалалық ауруханаға арнайы барып, ондағы жағдайды бақылап қайтты.