Ерлан Қарин жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

3
2026-06-30

Төрт жыл бойы мемлекеттік кеңесші болған Ерлан Қарин жаңа қызметке ауысты. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ерлан Тынымбайұлы еңбек жолын география және тарих пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2019 жылы президент кеңесшісі, кейін көмекшісі атанды. Айта кетейік, жаңа Конституция бойынша елде мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Ол тікелей президентке бағынатын және есеп беретін тұлға еді.