Түркістан
EN

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

19
30.06.2026

Ұлытау облысында ел экономикасы үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жезқазғанға арнайы барып, өңірдегі стратегиялық нысандардың жұмысын тексерді. Делегация алдымен «Қазақмыс» корпорациясының мыс балқыту зауытын аралап, өндірісті жаңарту мен экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады. Жылына 200 мың тоннаға дейін мыс өндіретін алып кәсіпорын өңірдегі негізгі өндіріс ошақтарының бірі саналады. Ал сапардағы ең басты жаңалық Астана мен еліміздің оңтүстік өңірлерін байланыстыратын күре жол жаңармақ. Халықтың ұзақ жылғы арманына айналған Жезқазған – Қарағанды автожолының құрылысы ресми түрде басталды.