Түркістан
EN

Қасым Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді

38
30.06.2026

Мемлекет басшысы Грузия Премьер – министрімен келіссөз жүргізді. Басқосу барысында, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитардық ынтымақтастық жайы талқыланды. Сондай ақ, энергетика, инвестиция, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы және өзге де перспективті салаларға бағытталған «жол картасын» әзірлеуді ұсынды. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының негізгі қатысушылары ретінде екі ел көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, тариф саясатын үйлестіру және цифрландыруды үдету бағытында дәйекті шаралар қабылдауға ниетті.