Түркістан
EN

Жаназаға жиналған қаржыны құмар ойынға тігіп жіберген

44
30.06.2026

2026 жылғы Әлем чемпионаты тек футбол емес миллиардтаған доллар айналған алып құмар ойын индустриясына айналды. Дүбірлі додада командалар саны 48-ге дейін көбейіп, жалпы 104 матч өтеді деп жоспарланған. Сарапшылар мұны спорттық бәс тігу көлемі бойынша жаңа рекордтарға жол ашатын турнир ретінде бағалап отыр. Алайда, халықаралық бәс тігу компаниялары табысқа кенелгенімен, оның зардабы қарапайым отбасыларға ауыр тиюде. Мамандардың айтуынша, дәл осындай ірі спорттық жарыстар кезінде бәс тігуге тәуелділік артып, лудомания мәселесі ушыға түседі.