Түркістан
EN

Қыз алып қашпақ болған жігіттер полицияға ұсталды

25
30.06.2026

Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды. Әуелі тәртіп сақшылары жол бойындағы Kia автокөлігінің ішінде отырған қыздың қолын бұлғап, көмекке шақырғанын байқайды. Күдік тудырған машинаны тоқтатқанда, бойжеткен жүгіріп шығып, көмектесуін сұрайды. Аталған жағдай бойынша полиция мәжбүрлеп некеге тұр бабы бойынша іс қозғаған. Алайда кейінірек бойжеткен жас жігітпен кездесіп жүргенін, бірақ кейін жанжалдасып қалғанын айтыпты. Сүйтіп арыз жазудан бас тартқан. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.