Түркістан
EN

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен азамат өлі табылды

186
25.04.2022

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз өлі табылды. 39 жастағы Батыр Оразовтың мәйіті 20 сәуір күні Канвандо қаласындағы пәтерінен анықталған. Алдын ала болжам бойынша, марқұм 4 күн бұрын жүрегі ұстап қайтыс болған. Шет елге нәпақа табу үшін кеткен азаматтың артында кәмелет жасына толмаған ұл-қызы мен әйелі қалды.  Жесір қалған келіншектің айтуынша күйеуі Кореяға кеткелі 4 жылдан бері үйіне келмеген. Сөзінше, күйеуінің жүрегі анасының өліміне шыдамаған. Қайғылы хабарды ол көз жұмардан 1 сағат бұрын естіген екен. Кореяда қайтыс болған Батырдың денесін Қазақстанға әкелу оңай болмай тұр.  Себебі ол шетелге заңсыз кеткен екен. Сондықтан билік ешқандай көмек көрсете алмайды. Қазақстанның Кореядағы қайырымдылық қоры болса Батырды туған жерге әкелу үшін 3,5 млн теңге керек екенін айтады.