Түркістан
EN

Кентауда қос зауыт ашылды

31
30.06.2026

Кентаудағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында екі бірдей заманауи зауыт іске қосылды. Оның бірі — елімізді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға қажетті оптикалық кабель шығарса, екіншісі — отандық электр жүйелеріне арналған металл шкафтарын құрастырады. Өңірдің индустриалды әлеуетін арттыратын бұл жобалардың тұсаукесеріне облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысты.