Түркістан
EN

Жергілікті кәсіпкерлер игі іске ұйытқы болды

44
29.06.2026

Мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісі Ордабасы ауданында көрініс тапты. Темірлан ауылындағы «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті. Оған қоғам белсенділері, әлеуметтік сала қызметкерлері мен ата-аналар қатысты. Игі шараға мұрындық болған жергілікті кәсіпкерлер 40-тан астам отбасыға азық-түлік жәшіктерін табыстады. Аталған бастама бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі сыйлап қана қоймай, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.