Қазақстан Республикасының Сот-сараптама қызметінің 75 жылдығына орай Түркістанда ауқымды спартакиада өтті. Додаға Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының сот сараптамасы институттарының қызметкерлері қатысты. Жарыс салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ауызбіршілікті арттыруды көздейді. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, қол күресі және шахматтан сынға түсті.